Премьер-Министр Кәрім Мәсімов аймақтық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
анның 20-сы. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов аймақтық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді,
деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.
Кеңеске қатысушылардың назарына Алматы, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарының бас жоспарларының таныстырылымдары ұсынылды.
Атап айтқанда, Алматы серік қалалардың (G4 City жобасы), сондай-ақ, Өскемен және Қостанай қалаларының бас жоспарларының жобалары қаралды.
Премьер-Министр ұсынылған жобаларды мақұлдап, облыстардың басшылығына пысықталған бас жоспарларды бекіту үшін Үкіметке енгізуді тапсырды.