Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Балалар ауылын» ашты
ПАВЛОДАР. Қарашаның 14-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Павлодар облысына жұмыс сапарын Кенжекөл ауылындағы «Балалар ауылынан» бастады.
Тұл жетімдер мен ата-ана қамқорынсыз қалған балаларға арналған отбасылық типтегі балалар үйі Павлодардың селолық аумағындағы Кенжекөл ауылының жанында салынып отыр.
«Балалар ауылы» 70 орынға арналған, 10 бірқабатты коттеджден тұрады. Әр үйде жатын бөлмеге қоса, сабақ дайындайтын бөлме, қонақжай, асхана, жаттығу залы және қосалқы жайлар бар. Үйлерді жылумен өз бойлері қамтамасыз етеді», деді Премьерді «Балалар аулымен» таныстырған облыс әкімінің орынбасары Рысты Жұмабекова.
Әкім орынбасарының айтуынша, ауданы 44 мың шаршы метрлік аумақта стоматология, ем-дом, егу кабинеттері және науқастарға арналған палаталары бар медициналық блок орналасқан. Әкімшілік ғимаратта балалар шығармашылығының студиясы, кітапхана, оқу және гимнастикалық залдар, компьютер сыныбы бар. Балаларға автобус та бөлінген.
Үкімет басшысы «Балалар ауылының» тұрғындарына «ГАЗель» микроавтобусын табыс етті және өзін қарсы алған және Отан туралы қазақша өлең оқып берген балаларға алғыс айтты.
Сапар барысында Премьер-Министрге Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев еріп жүрді.