Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық саясат жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық саясат жөніндегі Кеңестің (ЭСК) кезекті отырысы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЭСК жұмысына мемлекеттік органдардың, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің, «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ басшылары қатысты.
ЭСК мүшелері қазақстандық қаржы жүйесінің инвестициялық әлеуетін кеңейту мәселелерін талқылап, қаржылық құралдар нарығын дамытуға қатысты бірқатар ұсыныстарды қарады.