Премьер-Министр: Қазақстандық құтқарушылар Түркияда кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Түркияда зілзала құрбандарын құтқаруға атсалысқан ҚР ТЖМ қызметкерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Ең алдымен, бауырлас Түркия Республикасына барып, жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды құтқаруға атсалысқан Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлеріне шынайы алғысымызды білдіреміз. Біздің мамандарымыз кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетті, бастарын қатерге тігіп, мәртебелі міндетті абыроймен орындады», - деді Ә. Смайылов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге министр өз еліміздегі су тасқыны қаупіне дайындықты күшейтуді тапсырды.

«Министрліктің еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі бөлімшелері де шұғыл әрекет етіп, биылғы ақпан айында болған тасқын қаупін барынша азайтты. Олардың да үйлесімді жұмысын атап өткім келеді. Дегенмен, қалыптасып отырған жағдайды ескере отырып, біз су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелерін тағы бір рет қарауымыз қажет», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар