Премьер-министр кедейлерге банктен есепшот ашуға уәде берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди мемлекеттегі кедейлікпен күресу шарасының аясында бірқатар істерді атқаратын айтып, уәде берді, деп жазады жергілікті БАҚ.
Нарендра Моди ауылдағы ең кедей тұрғындарға есепшот ашып, қомақты қаржы бөлетінін айтты. «Неге біздің көптеген тұрғындарымыз өз өміріне қол салады? Өйткені олар банктен ірі пайыздық мөлшерлемемен несие алуға мәжбүр болады. Кейін бұның арты үлкен проблемаға айналады», - деді премьер.