Премьер-Министр Кеңсесінің «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» семинар-мәжілісін өткізді
АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі курстардың аяқталуына орай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің «Ақпараттық қауіпсіздік саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру орталығы» мемлекеттік мекемесі «Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыс атқаратын мемлекеттік қызметшілерді оқытудағы жаңа бағыттарды талқылау» тақырыбында семинар-мәжілісін өткізді.
Семинар-мәжілісіне ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпаратҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған шара барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында жұмыс атқаратын мемлекеттік қызметшілердің білім деңгейін көтеру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы басты мәселелердің бірі болып табылатын мемлекеттік органдардағы ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мәселелері қарастырылды.
Семинар-мәжілісіне қатысушылар Орталықтың оқу-әдістемелік базасын жетілдіру мен оқыту сапасын жақсартуға бағытталған жоспарын қарастырды.