08:26, 19 Наурыз 2023 | GMT +5
Премьер-Министр: Кез келген өзгеріске дайынбыз
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазіргі Үкімет әзірге жұмысын жалғастыра бермек. Бұл туралыҮкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Конституцияға сәйкес, Парламент жаңадан айланғаннан Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Біз отставкаға кетеміз. Бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетімізді атқара береміз. Жаңа Премьер-Министр кім болатынын Президент пен жаңа Мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез келген өзгерістерге және еліміз үшін жұмыс істеуге дайынбыз», - деді Әлихан Смайылов сайлауда дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына бере тұрып.
Айта кетсек, Премьер-Министр Әлихан Смайылов елордадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.