Премьер-Министр контейнерлік жүк тасымалының аясын кеңейтуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында контейнерлік жүк тасымалының аясын кеңейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Бүкіл әлем елдері жүктерді теміржол арқылы контейнерлермен тасымалдауға белсене көшіп жатыр. Мұны әсіресе, Қытай бағытына қарай немесе сол жақтан шығатын жүктерден байқауға болады. Индустрия министрлігіне «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде жүктерді контейнерлермен тасымалдауға көшу мәселесін пысықтауды тапсырамын», - деген Үкімет басшысы көлік инфрақұрылымының өткізу қабілетін ұлғайту қажеттігіне тоқталды.

«Осыған орай, Қаржы министрлігі Ұлттық экономика, Индустрия министрліктерімен, «Самұрық-Қазына» қорымен және «Қазақстан темір жолы» компаниясымен бірлесіп, тиісті жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтасын. Бірінші кезекте, бұл Достық-Мойынты және Алматы айналма станциясына қатысты», - деді Әлихан Смайылов


Соңғы жаңалықтар