Премьер-Министр Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ұжымның жаңа басшысы Нұрлан Қаппаровты таныстырды
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің жаңа басшысы Нұрлан Қаппаровты ведомство ұжымына таныстырды.
К.Мәсімов бұған дейін Қоршаған ортаны қорғау министрі болған Нұрғали Әшімді Мәжіліс депутаттығына сайлануымен құттықтады.