18:35, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Премьер-Министр құзырлы органдарға инфляцияның негізсіз шарықтауына жол бермеуді тапсырды
АСТАНА. Ақпанның 4-і ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов құзырлы органдарға қазіргі кезеңде инфляцияның негізсіз шарықтауына жол бермеуді тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Бізге баға саясатының тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет, яғни инфляцияның негізсіз шарықтауына жол бермеуіміз керек. Бұл ең алдымен бірінші кезекті қажетті азық-түлік тауарларына қатысты», - деді селекторлық кеңесте Үкімет басшысы. Осы орайда Премьер-Министр бәсекелестікті қорғау агенттігіне және Табиғи монополияларды қорғау агенттігіне осы кезеңде кез келген тарифтің жоғарылауын тежеуді жүктеді. Сонымен қатар Үкімет басшысы орынбасары Өмірзақ Шөкеевке еліміздің барлық облыстарындағы жағдайда бақылауға алып, басқаруды және олар жайлы өзіне тұрақты мәлімет беріп отыруды тапсырды.