Премьер-Министр «ЛУКОЙЛ» басшысымен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды талқылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ президенті Вагит Алекперовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.
Тараптар көмірсутек шикізатын барлау, өндіру және тасымалдау, сондай-ақ мұнай және газ өңдеу салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың жай-күйі мен перспективасын талқылады. Қарашығанақ жобасын әрі қарай дамытуға, «Қаламқас теңіз» және «Хазар», «Хвалынское», «Орталық», «Жеңіс» және «Әл-Фараби» («1-Р-2») жобаларын жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Ә. Смайылов «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ-тың тауарлардағы, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамтуды барынша пайдалануының, сондай-ақ ҚР аумағында жобаларды іске асыру кезінде заманауи экологиялық таза технологияларды қолдануының маңыздылығын атап өтті.
