Премьер-Министр мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының мәселелеріне қатысты арнайы отырыс өткізеді

АЛМАТЫ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - 17 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылуы және қызмет көрсету мәселелеріне қатысты арнайы отырыс өткізеді.

Премьер-Министр мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының  мәселелеріне қатысты арнайы отырыс өткізеді

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Алматыдағы мамандандырылған жаңа халыққа қызмет көрсету орталығын ашу барысында мемлекетіміздегі мамандандырылған ХҚКО жүйесін кеңейту және әрі қарай жетілдіріп, дамытудың қажеттілігіне баса назар аударған болатын.