Премьер-Министр монополистердің тарифтерін өсірмеуді тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Инвестициялар және даму министрлігіне, Ұлттық экономика министрлігіне көліктік инфрақұрылымдар бойынша жобаларды жүзеге асыруды жылдамдатуды жүктеді.
"Инвестициялар және даму министрлігіне, сонымен қатар Ұлттық экономика министрлігіне көліктік инфрақұрылымдар бойынша жобаларды жүзеге асыруды жылдамдатуды тапсырамын. Жергілікті әкімдерге бөлінген қаражаттарды тиімді әрі уақтылы игеруді қамтамасыз етсін", - деді Б. Сағынтаев ҚР Үкіметінің отырысында.
Министрлік кабинетінің басшысы жыл соңына дейін елдегі инфляция көлемін де төмендетуді тапсырғандығын еске сала кетті.
"Ұлттық экономика министрлігіне биыл аймақ әкімдерімен бірге бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуді және табиғи монополиялар қызметінің тарифтерін өсірмеуді тапсырамын", - деп атап өтті Б. Сағынтаев.