Премьер-Министр мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі қызметкерлерінің форумын өткізуге тапсырма берді

аусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ағымдағы жылдың қараша айында мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің форумын өткізу туралы тапсырма берді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үкімет басшысының айтуынша, форумға аталмыш секторлардағы жұмыс берушілер мен жұмысшылардың барлығын жинау қажет. Сөйтіп осы секторлардағы жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы шешімін таппаған проблемалар, жалақыға қатысты түйткілді мәселелер, сондай-ақ Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялардағы басқарушылық қызметтерге отандық мамандарды тарту мәселсі талқыланатын болады. Соңынан тиісті шешімдер қабылданады.

Айта кетейік, бүгінгі кездесу барысында «Петро Қазақстан» компаниясында басқарушылық қызметке қазақстандық кадрларды тарту мәселесі көтерілді. «Бізге ұлттық кадрларды дайындап, тәрбиелеу керек. Алайда, біздің кадрлар бәсекеге қабілетті болулары тиіс. Біз отандық кадрларды жан-жақты қолдайтын боламыз», деді Үкімет басшысы.

Өз кезегінде Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Сиязбек Мұқашев бұл мәселені Үкіметпен, ұлттық компаниялармен, әкімдіктермен жақсылап пысықтау қажеттігін айтты.

Соңғы жаңалықтар