07:36, 28 Маусым 2010 | GMT +5
Премьер-Министр «Назарбаев университетінің» стратегиялық әріптестері - жоғары оқу орындары өкілдерімен кездесті
АСТАНА. Маусымның 28-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жексенбі күні «Назарбаев университетінің» стратегиялық әріптестері - жоғары оқу орындары өкілдерімен кездесу өткізді,

деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.
«Назарбаев университеттің» ашылуы бүгін, маусымның 28-іне белгіленіп отыр. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймақтарында Астананың Жаңа университетіне қабылдау емтихандары жүріп атыр.