Премьер-Министр облыс әкімдеріне қарашаның аяғына дейін халықпен «тікелей эфир» өткізуді тапсырды

А. Қарашаның 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте Премьер-Министр Кәрім Мәсімов облыс әкімдеріне қарашаның аяғына дейін халықпен «тікелей эфир» өткізуді тапсырды,

Премьер-Министр облыс әкімдеріне қарашаның аяғына дейін халықпен «тікелей эфир» өткізуді тапсырды

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарашаның соңына дейін облыстық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы өңірлердегі мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап беру тұрғысында  «тікелей эфир» өткізіңіздер», деді Үкімет басшысы. 

Сонымен бірге К. Мәсімов  өткен аптада «тікелей эфирге» қойылған сауалдарға толығымен тиісті министрліктер мен ведомстволар жауап қайтару үшін арнайы тізімді әзірлеуді тапсырды.

 «Әр сауалға жауап қайтарылуы тиіс. Бұл тізім бекітуге ұсынылуы керек. Мен оны бекітемін, сонан кейін нәтижелер бойынша қарастырамыз», деді Премьер-Министр.