Премьер-Министр С. Ахметовтің ағымдағы аптадағы жұмыс кестесі

АСТАНА. 19 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы дәстүрлі брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев Үкімет басшысы Серік Ахметовтің ағымдағы аптадағы жұмыс кестесімен таныстырды.

Премьер-Министр С. Ахметовтің ағымдағы аптадағы жұмыс кестесі

«Ертең, 20 тамызда Премьер-Министр С. Ахметовтің төрағалығымен өтетін Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың барысы қаралады. Сонымен қатар отырыста еліміздегі ана мен бала өліміне қарсы күрес іс-шаралары кеңінен талқыланбақ»,-деді ресми өкіл.

Денсаулық саласындағы жағдай бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова баяндайды.

Бұдан бөлек, 21 тамызда, яғни Білім күні қарсаңында Премьер-Министр С. Ахметов жаңа оқу жылына дайындық мәселесі бойынша Үкімет кеңесін өткізеді. Ал, 23 тамызда Үкімет Қазақстандағы аграөнеркәсіп саласының даму мәселелерін кеңінен талқыламақ.