Премьер-Министр «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді
АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Отырыста Қордың басқарма төрағасының орынбасары Қуандық Бишімбаев Халықтық ІРО Бағдарласының іске асырылу барысы туралы баяндама жасады, деп хабарланған pm.kz. сайтында.
Қ.Бишімбаев Қор Халықтық ІРО-ны тиімді өткізуге қажетті нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар пакетін әзірледі және Үкімет қарауына берді деп атап көрсетті. Бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізіледі деп күтілуде, соның ішінде салалық заңнама, Ұлттық әл-ауқат қоры туралы Заң және акционерлік қоғамдар туралы Заң бар.
«Сондай-ақ, Директорлар кеңесі «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясын әзірлеу туралы мәліметті талқылады. Осы заң жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қорды дамытудың жаңа жолдары туралы тапсырмаларын орындау аясында әзірленді. Соған сәйкес Қордың жаңа стратегиясы Үкіметпен 10 жылға бекітіледі. Мазмұны бойынша ол бизнеске бағытталады. Заң жобасы таяу уақытта ҚР Үкіметінің қарауына енгізіледі», - делінген хабарламада.