Премьер-Министр Шардара су қоймасындағы судың көлеміне тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Төтенше жағдайлар министрлігіне Шардара су қоймасындағы судың көлеміне тұрақты мониторинг жасауды тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Былтыр көктемде Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысының жекелеген аудандарын кенеттен топансу басып қалғанын еске салған Үкімет басшысы: «Биыл мұндай жағдай болмас үшін Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімшіліктері Төтенше жағдай министрлігімен бірге бұл мәселені мұқият бақылауға алуы тиіс», деді. Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, Шардара су қоймасындағы судың көлемі биыл 3,5 млрд. текшеметрді құрап отыр. Былтыр 3,3 млрд. текшеметр болған. Министр Тянь-Шянь тауының Қырғызстан жағындағы бөктерлерінде биыл қардың қалың түскендігін атап көрсетті. «Сондықтан Шардараға келетін судың көлемі былтырғыдан көп болады. Бұл жағдайға мониторинг жүргізіп отыру қажет», деді.
Соңғы жаңалықтар