17:38, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Премьер-Министр теңге бағамының өзгеруіне байланысты еліміздің макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеуді тапсырды
АСТАНА. Ақпанның 4-і ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов орынбасары Ербол Орынбаевқа Үкіметтің экономикалық блогымен және Ұлттық банкпен бірлесіп, еліміздің макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеп шығуды тапсырды.

Ол бұл тапсырманы бүгін Үкіметте өткен селекторлық кеңесте берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Теңгенің жаңа курсына байланысты біздің макроэкономикалық болжамдарымыз енді қалай болады, соны есептеңіздер», - деді селекторлық кеңесте К. Мәсімов. Премьер-Министр долларға шаққанда теңге курсының арзандауы төлем балансын және ішкі өндірісті ынталандыруға оң әсер ететінін атап көрсетті.