Премьер-Министр тиісті ведомстволарға көктемгі егіс науқанына дайындық мәселесін қарастыруды тапсырды

АСТАНА. 22 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Ауыл шаруашылығы мен Мұнай және газ министрліктеріне көктемгі егіс науқанына дайындық мәселесін қарастыруды жүктеді.

Премьер-Министр тиісті ведомстволарға көктемгі егіс науқанына дайындық мәселесін қарастыруды тапсырды

Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету және оның бағасына қатысты мәселелерді қарау қажет. Осы орайда К. Мәсімов астықты өңірлердің әкімдерімен, сондай-ақ кәсіпорындардың басшыларымен тиісті шараларды зерделеуді тапсырды.

Мұнымен қоса Үкімет отырысында Премьер-Министр құрылыс материалдары мен дәрі-дәрмек бағасын қадағалауды, ал бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бюджет ресурстарының орындалуын қатаң бақылауды жүктеді.