Премьер-Министр Үкімет мүшелерін электрондық жаңашылдықтарды пайдалануға шақырды

А. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов министрліктердің және агенттіктердің басшыларын Үкімет басшысының тапсырмасын шұғыл түрде алып отыруға мүмкіндік беретін электрондық жаңашылдықтарды пайдалануға шақырды.
None
None

Ол бұл тапсмырманы Үкіметтің Байланыс және ақпарат министрлігінде өткен бүгінгі көшпелі отырысында берді. Премьер-Министр бұл орайда министрліктер мен агенттіктердің басшылары, соның ішінде өзі де, «құпия емес» электронды пошталарын BlackBerry-ге (бұның көмегімен ұялы телефон арқылы электронды поштаны пайдалануға болады) шығару қажет деп есептейді. Ол Байланыс және ақпарат министрлігіне Премьер-Министрдің кеңсесімен, сондай-ақ «Қазақтелеком» команиясымен бірлесіп бұл мәселені пысықтауға бір апта уақыт берді.

К. Мәсімов қарамағындағыларға тапсырма жүктеу үшін бұл қызмет түрін пайдалануға құлықты екенін және қарамағындағылар да осы қызмет түрі арқылы өзіне тікелей өтініш жасай алатынын атап көрсетті.

Оның пікірінше, ақпараттандыру үдерісін Үкімет мүшелері алдымен өзінен бастамаса, іс бір орнынан қозғалмайды. «Біз бұл мәселені орнынан қозғауымыз керек. Мен мемлекет басшыларының, үкімет басшыларының автомобильде отырып «құпия емес» пошталарды пайдаланғанны көрдім», деді ол.

Соңғы жаңалықтар