11:00, 24 Қаңтар 2020 | GMT +5
Премьер-Министр: Үкіметтің басты міндеттерінің бірі – өнімді жұмыс орындарын ашу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет басшысы Асқар Мамин биыл Қазақстанда 430 мың жаңа жұмыс орны ашылатынын мәлімдеді. Ол бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Үкіметтің басты міндеттерінің бірі – өнімді жұмыс орындарын ашу. Бұған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы қол жеткізгіміз келеді», - деді Асқар Мамин.
Оның айтуынша, экономика салаларында 2020 жылы 430 мың жаңа жұмыс орны ашылады.
«Мұнда жаңа жұмыс орындары негізінен туризм, сауда мен құрылыс салаларында, сондай-ақ, өңдеу өнеркәсібі мен АӨК саласында да жаңа жұмыс орындары ашылады», - деді Асқар Мамин.