Премьер-Министр Ұлттық санақты ұйымдастыру бойынша тапсырмалар берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында Ұлттық санаққа сылбыр дайындалып жатқан өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы санақ өткізілетін уақытта 32 мың адам жұмысқа алынады. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жұмысты дұрыс жолға қойған. Ал Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласы әкімдіктерінің жұмыс қарқыны жеткіліксіз. Өңірлердің әкімдері халық санағына дайындық барысын жеке бақылауға алсын», - деген Үкімет басшысы санақты өткізу бойынша бірқатар мәселеге тоқталды.

«Бірінші. Өңірлердің әкімдері мен Ұлттық статистика бюросы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктерімен бірге қысқа мерзімде міндетті вакцинациялаудан өткен жұмыскерлердің қажетті санын жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етсін.

Екінші. Өңірлердің әкімдері, Ұлттық статистика бюросы және Ішкі істер, Денсаулық сақтау министрліктері халық санағын өткізу бойынша барлық ұйымдастырушылық мәселелерді пысықтасын.

Үшінші. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ұлттық статистика бюросы және әкімдіктермен бірге халық арасында ұлттық санақтың жүргізілу мақсаты мен тәртібі туралы түсіндіру жұмыстарын күшейтсін», - дежі Асқар Мамин.

Бұл жұмысты бақылау мен үйлестіруді ол орынбасары Әлихан Смайыловқа тапсырды.


Соңғы жаңалықтар