Премьер-Министр жаңа инвестициялық тұжырымдама әзірлеуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктеріне жаңа инвестициялық тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Премьер-Министр жаңа инвестициялық тұжырымдама әзірлеуді тапсырды

«Алтыншы, көктемгі егіс жұмыстарын сапалы әрі уақтылы өткізу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігіне, ауылшаруашылығы өндірушілерінің материалдық-техникалық жабдықтау және уақытында субсидиялауға қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол инвестициялық саясатты да жаңалау керектігін атады.

«Жетінші Ұлттық экономика және Сыртқы істер министрліктеріне жаңа инвес т и ц иялық саясат тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отрысында.

Премьер-Министр «Самұрық-Қазына» қорындағы компаниялардың қызметін реформалауды да тапсырды.

«Ұлттық экономика министрі мүдделі мемлекеттік органдармен, Стратегиялық жоспарлау агенттігімен, «Самұрық-Қазына» қорымен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге қор компаниялары қызметінің тиімділігіне талдау жүргізіп, оны реформалау бойынша нақты ұсыныстар дайындасын», - деді Әлихан Смайылов.