Премьер- Министрдің Алматыға сапары кезінде 2500 үлескердің мәселесі шешім тапты

АЛМАТЫ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыдағы бітпей тұрған құрылыс нысандарының мәселесіне байланысты бүгін бірқатар шешімдер қабылданды.
None
None
Алматыдағы жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, бұл шешім "Қуат" құрылыс компаниясының нысандарына қатысты. «Біз «Қуат» құрылыс компаниясы мен банктердің және әкімдік пен Үкіметтің қаржыландыру мәселесінде мәмілеге келуіне орай, осы компанияның құрылыс нысандарына қатысты шешім қабылдадық. Сөйтіп біз 2500 үлескердің мәселесін шештік. Менің ойымша, осы қарқын жалғасса, жаздың соңына дейін қаладағы барлық құрылыс мәселесіндегі түйткілдерді алға жылжытамыз», - деді К.Мәсімов.
Соңғы жаңалықтар