Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө. Шөкеев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді

АҚТАУ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Маңғыстау облысында жұмыс сапарымен келді.
None
None
Сапар мақсаты - Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың дағдарысқа қарсы және отандық өндірісті қолдау бағдарламаларының орындалуын бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үкімет басшысының орынбасары алдымен, Ақтау халықаралық әуежайының жаңадан салынып жатқан жолаушылар терминалы құрылысымен және ұшу-қону алаңын жаңарту жұмыстарымен танысты. Концессиялық келісім негізінде жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары биылғы жылдың бірінші тоқсанында аяқталып, жаңа кешен мамыр айында пайдалануға берілуі тиіс. Жаңа әуежай сағатына 450 жолаушыға қызмет көрсетпек. Технологиялары мен қызмет көрсету сапасы халықаралық стандарттарға сай нысанда ұшып келуші және кетуші жолаушылар бөлек дәліздермен өтеді. Ал ұзартылып әрі кеңейтіліп жатқан ұшу-қону жолағы пайдалануға берілген кезде бір уақытта 14 ірі әуе кемесін қабылдауға мүмкіндік тумақ. Әуежай басшылығы жаңа рейстер ашуды жоспарлап отыр. Одан соң Ө.Шөкеев Каспий машина жасау кешенінде, Ақтау болат құймалары зауытында, "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" кәсіпорнында, Ақтау халықаралық теңіз-сауда портында болады. Сондай-ақ облыс әкімі Қ.Көшербаевтың, ірі өнеркәсіп кәсіпорындары және кен игеруші компаниялар басшыларының қатысуымен өңір экономикасының нақты секторындағы жағдай және облыс кәсіпорындарының отандық тауар мен қызмет түрлерін сатып алуына арналған мәжіліске қатыспақ.
Соңғы жаңалықтар