Премьер-Министрдің орынбасары Алматы қаласы мен облысының құрылыс салаларындағы мәселелермен танысты

АЛМАТЫ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Премьер-Министрдің орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен бүгін Алматыда қала мен облыстың құрылыс саласындағы мәселелерін талқылауға арналған мәжіліс өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл- ауқат қоры» АҚ төрағасының орынбасары Қайрат Әйтекенов, Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс комитетінің төрағасы Серік Нокин, «Даму» қорының басқарма төрағасының орынбасары Шолпан Нұрымбетова, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы одағының төрағасы Серік Аханов, Қазақстан құрылысшылар қауымдастығы төрағасы Айдын Рахымбаев және тағы басқа түрлі мүдделі тараптардың басшылары қатысты. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, құрылыс компаниялары мемлекеттің экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыруға арналған дағдарысқа қарсы жоспарындағы бағдарламаларға тартылуы керек. Егер одан бас тартып, алайда үлескерлер алдындағы өз міндеттемелерін орындамайтын болса, Үкімет оларды проблемалы үлескерлердің қатарына қосып, компанияларды банкрот деп жариялауға мәжбүр. Әрине бұл құрылыс компаниялары үшін де, үлескерлер үшін де ең тиімді жол емес. Сондықтан олар енді уақыт өткізбей өз таңдауларын жасауы керек.
Соңғы жаңалықтар