Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік қарызға қатысты түсінік берді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекеттік қарыз Жалпы ішкі өнімге шаққанда 25% төмен деңгейде қалыптасты. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін қарау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазіргі кезде барлық белгіленген борыштық ковенанттар сақталып отыр. Мемлекеттік қарыз Жалпы ішкі өнімге шаққанда 25% төмен деңгейде қалыптасты. Қаржылық шектеулерді қатаң сақтау саясаты келешекте де жалғасатын болады», - деді Е. Жамаубаев.

Осы орайда ол бұл мәселе Үкіметтің тұрақты бақылауында тұрғанын айтты.

«Біз қабылданған міндеттемелердің ашықтығы мен айқындығын арттыру бойынша Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарын қолдаймыз. Олар жұмыс барысында ескерілетін болады«, - деді спикер.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл наурыз айында Е. Жамаубаев мемлекеттік қарыз жалпы ішкі өнімге шаққанда 32 пайыздан аспайтынын айтты.


Соңғы жаңалықтар