Премьер-Министрдің орынбасары С. Ахметов құрылысы тоқтап қалған тұрғын үйді көрді

АЛМАТЫ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – Бүгін ҚР Премеьер-Министрінің орынбасары Серік Ахметов Алматыдағы жұмыс сапары аясында қалада құрылысы тоқтап қалған нысандардың бірі – «Жетісу-3» тұрғын үй кешенінде болды,

Премьер-Министрдің орынбасары С. Ахметов құрылысы тоқтап қалған тұрғын үйді көрді
деп хабарлайды ҚазАқпарат. С. Ахметов «Жетісу-3» кешенінде 2008 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істеп жатқан төрт ірі алматылық құрылыс компаниялары - АГС-Пласт» ЖШС, «Базис» корпорациясы, «Ника» ЖШС және «Астанақұрылысинвест» корпорациясының атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Қазірде бұнда 386 пәтер салынуда, оның 96-сы осы уақытқа дейін үлескерлерге сатылған болатын. Бүгінде 290 пәтер бос тұр. Оның жалпы сметалық құны ? 5 млрд 200 млн. теңгені құрайды. «Өткен жылы біз жобалық-сметалық құжатнамаға түзетулер енгіздік, оны мемлекеттік сараптамадан өткіздік. Бөлінген 5 млрд. 200 млн. теңгенің 2 млрд. 300 миллионы игерілді», - дейді «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС-ның директоры М. Серғазин. Оның айтуынша, аталған тұрғын үйді алдағы қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарланып отыр.