Премьер-Министрдің ресми сайты хакерлердің шабуылына ұшырады

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Он-лайн конференцияға арналған алаңды анықтау мәселесі бойынша дауыс беру жарияланған Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің сайты хакерлердің шабуылына ұшырады,
None
None

деп хабарлады сайт әкімшілігі.

«26 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 15.00 мен 16.00 аралығында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің онлайн-конференциясының алаңын анықтау мәселесі бойынша дауыс беріліп жатқан рm.kz сайтына шабуыл жасалды. 20 минуттың ішінде сауалнаманың бірінші бағамына 10 мың дауыс беру тіркелді», -делінген әкімшілік таратқан мәлімдемеде.

"Қабылданған шаралардың нәтижесінде шабуыл тоқтатылды. Бірінші сауалға қатысты «төпей берілген» дауыстар алып тасталды және сағат 15.00-дегі көрсеткіш қайтарылды. Сауалнаманың басқа бағамдарына ешқандай өзгертулер енгізілген жоқ», д- -еп хабарлайды сайт әкімшілігі.

Кәрім Мәсімов бұған дейін Twitter-дегі өз күнделігінде онлайн-конференция өткізетін алаңды таңдау бойынша дауыс беруді жариялаған еді.

Соңғы жаңалықтар