Премьер-министрдің ұшағынан граната табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің АҚШ-қа ұшып кетуі үшін әзірленіп қойылған ұшақтан жарылғыш заты жоқ граната табылды, деп хабарлайды Times of India.
Басылымның хабарлауынша, Air India әуе компаниясының Boeing-746 ұшағы Нью-Делидегі Индира Гандидің хлықаралық әуежайында болған. Ол Моди әдетте сапарларға шығатын "Джамбо Джет" (Boeing-747) ұшағымен ұшу қиындықтары туындаған жағдайда ұшырылуға әзір тұратын.
"Boeing-747 Дели-Мумбаи-Хайдарабад-Джедда рейсіне бағыт алған. Ұшақ сенбі күні таңертең Джеддаға жеткенде қауіпсіздік қызметкерлері бизнес-класс салонынан залалсыздандырылған граната тауып алды", - делінген хабарламада.
БАҚ мәліметтері бойынша, Джедда әуежайының қауіпсіздік қызметкерлері ұшақта санитарлық жұмыстар жүргізіп, ұшуға рұқсат бермек болған.
Үндістанның қауіпсіздік қызметі оқиғаның мән-жайын анықтауда.