19:25, 09 Ақпан 2011 | GMT +5
Премьер Юсуф Раз Гиллани бастаған Пәкістан министрлер кабинеті отставкаға кетті
АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Премьер-министр Юсуф Раз Гиллани бастаған Пәкістан министрлер кабинеті толық құрамында отставкаға кету жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
"Бұл қадам үкіметтік аппараттың шығындарын азайту қажеттілігінен және «оны мемлекеттің нақты мүмкіндіктерімен сәйкестендіруден» туындап отыр", -деп хабарлайды билеуші партияның өкілі.
«Қазіргі уақытта министрлер кабинетінің санын қысқарту қажеттігі күн тәртібіне жедел шығып отыр», - деп атап көрсетті ол.