«Премьердің Twitter-дегі соңғы хабарламалары шындыққа сәйкес емес» - РФ Үкіметінің баспасөз қызметі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгісіз біреулер Ресей Премьер-Министрі Дмитрий Медведевтің Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасын бұзып, бірнеше хабарлама қалдырған, деп жазады ИТАР-ТАСС РФ Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Премьердің Twitter-дегі соңғы хабарламалары шындыққа сәйкес емес» - РФ Үкіметінің баспасөз қызметі

«Премьердің Twitter-не біреулер кірген. Микроблогтағы соңғы хабарламалар шындыққа сәйкес емес», - деп атап өтті министрлер кабинетінде. Д.Медведев өзінің микроблогын 2010 жылы АҚШ-қа жасаған сапары барысында тіркеген. Оның аккаунты - Ресейдің блог саласындағы танымал ресурстардың бірі. 2013 жылғы дерек бойынша, Д.Медведев аккаунтын 2 миллионнан астам адам оқиды. Қазір оның саны 2,5 млн-нан асқан. РФ Премьер-Министрінің орыс тіліндегі аккаунтынан басқа ағылшын тіліндегі MedvedevRussiaE нұсқасы бар. Сондай-ақ, ол Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріне де тіркелген.