Премьер-министр тасқынмен күрес туралы: Қажет болса, халықты мәжбүрлеп көшіру керек

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Төтенше жағдайлар министрлігіне тасқын қаупі төнген елді мекендердің тұрғындарын қажет болса, мәжбүрлеп көшіру туралы тапсырма берді.

Үкімет
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Кейбір өңірлерде тасқын қаупі әлі сейілген жоқ. Өзендерде су деңгейінің көтерілу фактілері тіркелуде. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірге тасқынмен байланысты жағдайға бақылауды күшейте берсін», - деді ол Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ол тасқын жағдайында батыл әрекет ету маңызды екенін атап өтті.

«Қажет болған жағдайда шұғыл әрекет етіп, халықты көшіруді қамтамасыз етсін. Қайталап айтам, керек болса, мәжбүрлі түрде көшіру қажет», - деді Олжас Бектенов.

Соңғы жаңалықтар