Премьер-Министрдің ауысуы уақтылы болды – Сергей Пономарёв
АСТАНА. KAZINORM – Премьер-Министрдің ауысуы уақытылы болды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Сергей Пономарёв айтты.

«Инфляция өсіп, бәрін жеп жатыр. Сондықтан да Министрлер кабинеті мен Премьер-Министрдің ауысуы уақыты болып жатыр. Бүгін, министрлерді бекітеміз деп ойлаймын. Экология және табиғатты пайдалану комитетіндемін. Сондықтан Төтенше жағдайлар, Энергетика, Су ресурстары және Экология министрлерін тағатсыздана күтеміз. Олар бізге тікелей қатысы бар министрлер. Сол себепті қазір оларды сұрақтың астына алып, өтерін не өтпесін көреміз», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.
Сонымен қатар ол министрлердің ауысуына қатысты болжамымымен бөлісті.
«Меніңше, кейбірі анық жаңадан болады. Меніңше, Төтенше жағдайлар министрі емтиханнан өткен жоқ. Ол бұл лауазымда бір жылға жетпейтін уақыт болды. Кейбір министрлер қалады деп үміттенемін. Өйткені, олар үлкен істі бастады әрі әлі аяқтаған жоқ және де оларды жарты жолда алып тастау ақылға қонымсыз», - деді Сергей Пономарёв.
Сонымен қатар ол Энергетика министрін де ауыстырмау қажеттігін айтты.