«Премьерді ChatGPT таңдап берді» - Непалдағы зумерлер көтерілісінің ерекшелігі неде

АСТАНА. KAZINFORM – Қыркүйек айындағы әлемдегі басты жаңалықтардың бірі - алғашқы зумерлер революциясы. Непалда әлеуметтік желілердің бұғатталуынан басталған наразылықтар жемқорлыққа қарсы сипат алып, саяси ұрандарға ұласты. Ақыр аяғы елде билік ауысты. Жастар жасаған төңкерістің басқа да ерекшеліктерін Kazinform аналитикалық шолушысы тарқатады.

Непал
Коллаж: Kazinform / Freepik / Narendra Shrestha

Революция неден басталды?

4 қыркүйекте Непал билігі Facebook, Instagram, WhatsApp, YouTube, X, Reddit және LinkedIn желілеріне қолжетімділікті шектеді. Бұл шешімді олар өтініштердің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігіне уақытылы тіркелмеуімен түсіндірді. Бұл шектеудің алдында елдегі әлеуметтік талас-тартыс шиеленісіп кеткен еді. Шенеуніктердің балалары байлығымен мақтанып, желіге неше түрлі сурет салатын. Бұл күнкөріске ақша таба алмай жүрген халықтың ашу-ызасын тудырды.

Өйткені Непал әлемдегі ең кедей елдердің бірі саналады. Елдің экономикасы құлдырап барады. Күнкөріс қамымен жастар шетелге жұмыс іздеп кетуге мәжбүр. Непалда жан басына шаққандағы жылдық табыс 1400 доллардан аспайды. Бұған қоса, жемқорлық жайлаған. Осы кезеңде бай-шонжарлардың желідегі әрекеті әлеуметтік алауыздықты үдетті. Билік әлеуметтік наразылық артып келе жатқанын байқап, елде желілерге тыйым салуды ұйғарды.

Алайда тыйым жаппай наразылықтарға себеп болды, оған негізінен жастар қатысты. Демонстранттар жемқорлыққа және әлеуметтік желілерді шектеуге қарсы шығып, парламент ғимаратына қарай қозғалды. Полиция оларды тарату үшін суатқыштар, көзден жас ағызатын газ және оқ-дәрі қолданды.

Премьер-министр Непала ушел в отставку на фоне протестов
Фото: NDTV

Үкімет қабылдаған шешімінен тайып, әлеуметтік желіге рұқсат бергенімен, бұл ахуалды тыныштандыра алмады. Шерушілер ел премьері Шарма Олидің отставкаға кетуін талап ете бастады, Парламент ғимаратын өртеп жіберді.

Непал үкіметі нарызылықтар кезінде 72 адам мерт болғанын ресми түрде растады. Мемлекеттік инфрақұрылымға келтірілген шығын $1,5 млрд-тан асты.

Жиналғандар премьер-министр мен министрлердің үйін, мемлекеттік ғимараттарды өртеді. Жағдайдың ушығуына байланысты әскерилер министрлерді резиденцияларынан тікұшақпен эвакуациялауға кірісті. 

Бүліктер барысында наразылық білдірушілер түрмелерге де шабуыл жасап, әкімшілік ғимараттарды өртеді және қақпаларды ашық қалдырды. Соның салдарынан 25-тен астам түзеу мекемесінен 15 мыңнан астам тұтқын қашып шықты. Соның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандар да бар. Олардың көбі әлі күнге дейін ұсталған жоқ.

Зумерлер деген кімдер?

Көтеріліске шыққан негізінен жастар болды. Бұл «Z ұрпағының революциясы» немесе зумерлер көтерілісі деген атауға ие болды.

«Ендігәрі бұл жерде Z ұрпағының жастары ғана болады. Жемқорлыққа батқан көшбасшылар елден қуылады. Непал жасасын! Z ұрпағының жастары жасасын!», - дәл осындай жазба өртке оранған Парламент қабырғасына жазылған.

Зумерлер деген кімдер? Бір сөзбен айтсақ, бұл - 1997–2012 жылдар аралығында дүниеге келген жастар. Бұл ұрпақ жаһандық интернет пен ұялы технологиялар заманында өсті. Басқа өмірді көрген жоқ. Сондықтан әлеуметтік желіден айырамыз деген биліктің талабына шыдай алмады. Сарапшылардың айтуынша, Непалдағы көтеріліс - зумерлер ұрпағы жүзеге асырған әлемдегі алғашқы революция.

Протестующие в Непале требуют изменить конституцию
Фото: PTI

Жалпы Непалды жастар елі деп атауға болады. Өйткені мұндағы халықтың орташа жасы – 25 жас. Салыстырмалы түрде Азиядағы орташа көрсеткіш 32 жасты құрайтынын ескерсек, Непал халықтың орташа жасы тұрғысынан әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірі саналады.

Айта кетейік, бұған дейін өңірдегі өзге елдерде де жастар наразылыққа шыққаны есте. Кейінгі 2-3 жыл көлемінде жастардың көтерілген оқиғалары Шри-Ланка, Бангладеш, Индонезияда болды. Енді міне кезек Непалға келіп жетті...

Сушила Карки деген кім?

9 қыркүйекте премьер-министр кеңсесі Шарма Олидің отставкаға кеткенін хабарлады. Премьер лауазымына Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Сушила Карки тағайындалды. Ол уақытша премьер болып тағайындалғаннан кейін шектеулер жеңілдетілді. 73 жастағы Карки Непал тарихындағы алғашқы әйел-премьер атанды.

Определена кандидатура на пост главы временного правительства Непала
Фото: X @OpIndia_com

Сушила Карки Непалда заңгер әрі реформатор ретінде кеңінен танымал. 2016-2017 жылдары ол Жоғарғы сотты басқарған алғашқы әйел болды. Сол кезеңде ол жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытып, ашықтық пен заң үстемдігі қағидаттарын қорғады.

Ресми ұлықтау рәсімі Катмандудағы президент сарайы – Шитал Ниваста өтті.

Сушила Карки Непалдың алғашқы әйел премьер-министрі болды
Фото: Khabarhub

Жаңа премьер-министр алғашқы шешім ретінде парламентті тарату туралы бастама көтерді. Бұл шешім ант қабылдау рәсімінен кейін өткен жаңа министрлер кабинеті отырысында жарияланды.

– Парламент таратылды, президент бұл шешімді қолдап, құжатқа қол қойды. Ұсынысты мен енгіздім, олар келісті және мақұлдады, – деді Сушила Карки.

ChatGPT ықпалы

Непалдың бұрынғы премьер-министрі Шарма Оли отставкаға кеткен соң оның орнын басуға ықтимал 4 кандидат болған. Іріктеу, шешім қабылдау кезінде зумерлер баяғы әдетіне басып технологияларға жүгінген. «Жаңа премьер лауазымына кімді тағайындаймыз» деп жастар жасанды интеллектіден сұраған екен. Сушилы Карки — ChatGPT ең қолайлы деп ұсынған кандидат. Осылайша, елдің тағдырын робот, яғни чат-бот шешті деуге толық негіз бар.

Жасанды интеллект әлемді жаулап жатыр

Осы орайда бүкіл әлемде жасанды интеллектінің ықпалы артып келе жатқанын айта кету керек. Жуырда Албанияда жасанды интеллект министр болып тағайындалды. Ол мемлекеттік сатып алу рәсімдерін реттейді. Бұл салада сыбайлас жемқорлық өте көп болғандықтан, ел үкіметі виртуалды көмекшіге жүгінуге мәжбүр болған.

Әлемде тұңғыш жасанды интеллект-министр Албанияда тағайындалды
Фото: Regnum

Сондай-ақ Google компаниясы ChatGPT-ді компьютерлік кодтар жазатын инженер лауазымына жұмысқа алды. Жасанды зейінге айына 15 мың доллар көлемінде жалақы да төлейді, ол басқа кәдімгі программистермен ашық бәсекеге түсіп, жұмысқа қабылданды. Гарвардта да IT мамандығына оқитын студенттерге сабақ беретін жасанды интеллект бар. Ал биыл көктемде Италияда барлық мақалаларды толығымен жасанды интеллект жазған газет жарыққа шықты. Бұның бәрі белгілі бір дәрежеде тәжірибе екені түсінікті, бірақ бұл мысалдар заманауи технологиялардың адамзат өміріне дендеп кеткенін айқын көрсетеді.

Жетілік заңдылығы: жады мен жасанды интеллект арасында байланыс бар ма
Фото: freepik.com

Осы жаһандық тенденциядан Қазақстан да кенже қалған емес. Президенттің биылғы Жолдауының басты тақырыбы жасанды интеллектіні дамытуға арналды десек болады. Үкімет жасанды зейінді түрлі салаларда енгізу міндетіне кірісіп те кетті. Сондай-ақ бейсенбі күні елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды.

Соңғы жаңалықтар