Президент 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған қайғылы оқиғалардың салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты биылғы 10 қаңтарды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

Тиісті Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

***

Террористік актілердің салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы

2022 жылғы 08 қаңтар

Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда жалпыұлттық аза тұту жариялансын.



Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев



Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 8 қаңтар


№ 229


Соңғы жаңалықтар