Президент 25 қаңтарда «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қаңтарда дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына арналған «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады. Онлайн форматта өтетін жиынға Қытай тарапы бастамашы болды, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

Президент 25 қаңтарда «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитке қатысады

Көшбасшылар түрлі салалар бойынша Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы көпжақты стратегиялық ынтымақтастықтың даму перспективаларын талқылайды.

Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына байланысты Бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланған.