Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды

АСТАНА. KAZINFORM — Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды. Бұл туралы Х әлеуметтік желісінде хабарлады.

Касым-Жомарт Токаев
Фото: Ақорда

– 28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын, - деп жазды Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын.