Президент Абай Икранбековты ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатты
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімімен Абай Зүбайырұлы Икранбеков Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.