12:45, 11 Маусым 2023 | GMT +5
Президент Абай облысында өртенген орман алқабын тікұшақпен аралап шықты
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысына Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков пен Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өрт сөндіру жұмысының барысы және табиғат апаты салдарымен күрес жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазіргі уақытта 60 мың гектарға жуық орман алқабы өртке оранған.
Өрт сөндіруге 300-ге жуық техника, 1500-ге жуық адам және 11 тікұшақ жұмылдырылған.