Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамы жаңартылды

АСТАНА. KAZINFORM –Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы бірқатар заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы жарлықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілді.

Жарлық қол қойылған күннен бастап — 2026 жылдың 8 мамырында күшіне енді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамын осы сілтемеден оқуға болады.