Президент агломерацияларды дамытуға қатысты заңдарға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы агломерацияларды дамытуға қатысты екі құжатты мақұлдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
»Мемлекет басшысы «Агломерацияларды дамыту туралы» Заңға, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агломерацияларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды», деп жазылған сайттың құқықтық актілер бөлімінде.
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.