Президент Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттің алдын ала бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қыркүйек күні Қостанай облысына барады.

Президент Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан желдібай жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыс сапары аясында ағартушы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойының ресми іс-шараларына қатысады.