Президент әкімдерге мониторинг жүргізетін топтардың жұмысын жандандыруды жүктеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мониторинг жүргізетін топтардың белсенділігін арттыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Президент әкімдерге мониторинг жүргізетін топтардың жұмысын жандандыруды жүктеді

«Мониторинг жүргізетін топтардың белсенділігі төмендеп барады. Әлеуметтік желілер арқылы түрлі жиын-тойларда түсірілген фотосуреттер таралуда. Мониторинг жүргізетін топтар тексерістерін азайтты. Бұл ретте, карантин шаралары сақталмай, заң бұзу деректері көбейіп кетті», - деді Президент коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңесте сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы әкімдерге мониторинг жүргізетін топтардың жұмысын жандандыруды тапсырды.

«Ведомствоаралық комиссия осыны қатаң бақылауға алуға тиіс», - деді ол.