Президент әкімдерге өз өңірлеріндегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударуды тапсырды

АСТАНА.  28 қараша. ҚазАқпарат -  Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерге өңірлердегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударуды тапсырды.

Президент әкімдерге өз өңірлеріндегі кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне баса назар аударуды тапсырды

Осы орайда Мемлекет басшысы егерде елімізге келетін импорт басым болса, облыстарда индустрияландыру дамымайтындығын ескертіп өтті.

«Бұл баршаларыңызға қатысты. Осы мәселе қатаң бақылауда болуы керек»,-деп қадап айтты Н. Назарбаев.

Бұл тұрғыда Елбасы еліміздің тауарлары бәсекеге қабілетті болмауы салдарынан Қазақстанның экспорттық әлеуеті дамымай, тек тауарларды сатып алу арқылы еліміздің кәсіпорындары тоқтап қалуы мүмкін екендігін қатаң ескертті.

Сөз соңында Президент елімізге барша әлеммен бәсекелес болуға тура келетінін, сондықтан тауардың бәсекеге қабілеттілігі қатаң бақылауда болуы тиістігін қадап айтты.