Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөліміне жаңа меңгеруші тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөліміне жаңа меңгеруші тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.  

Сондай-ақ, Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.