Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28-29 наурыз күндері Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген болатын.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.
— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28-29 наурыз күндері Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, қала әкімдігі нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі есеп бекітілген тәртіп бойынша дайындалып, мерзімінде ұсынылып отыр. Әкім қызметінің тиімділігіне Президент Әкімшілігі сараптама жүргізеді. Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бойынша Алматы қаласы әкімдігі ақпараттандырып отырады, — деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.
Бұған дейін ҚР Президенті денсаулық сақтау, ойын бизнесіне қатысты заңға қол қойғанын жазғанбыз.