Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі Бақытжан Сапиев болды
Президент Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне Бақытжан Сапиев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда жариялаған құжатта.